Posted in

ҚОЛЫН (БІР, БІР-АҚ) СЕРМЕДІ (СІЛТЕДІ)

Ұнатпады, қарсы екенін білдірді. ~ Сен сықылды сый қонаққа қой соймай, өлі ет бергеніміз келіспес. – Отағасы, ол керек емес, – деп Қадыр қолын сермеді. Ж.Айм. ~ Қармыс қолын сермеді. — Құлаққа енбейтін сөзді тыңдағым келмейді, жезде. Не бітіріп қайттыңыз, соны айтыңызшы алдымен. Ө.Кәр. ~ Дәнеш бөкенді ауыл жақтан емес, сыртынан орап келіп, батысқа, құмға қарай үркіту керек еді деп, өз ойын айта бастап еді, Машанов түңіліп қолын сермеді. Қ.Жұм. ~ Жә, жетер енді, сенің де жайың белгілі болды, – Ызалана қолын сілтеді. С.Ом.

  1. “Не болса о болсын, мейлі!” – дегендей ишарат көрсетті. ~ Айтып қояды деп қорқып тұр ғой. Ақыры біз еш жауап таба алмай, қолды бір сермедік те, жөнімізге кеттік. Ж.Баб. ~ Ит тірлікке қолды бір сілтеп, өнер қуып, ән-жырдың соңына түсуге – қарт әке-шеше қолбайлау. Ендігі сиқы мынау. Бай аулының басыбайлы құлы есепті – құны төлеулі етікшісі. Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *