Істеген ісі қашанда оңға басатын; кез-келген істі үйіріп әкететін жан. * Қойшы қайнағамдікі кілем құрмақ, соның жібі жетпей, «қолы жеңіл ғой, кілемнің төсегін иірісіп жіберсін» деп баласын жіберген. Ертемен сонда кетті көмекке. Д.Досж. * Селебені суырған күйде сағақтан орып-орып жіберді. Қызыл-күрең қан атқып-атқып кетті де, құлын мүсін баланың тізесі астында тыпырлаған бұлан қорқырай қысылды. Қолы жеңіл Басарыстың қасабынан бұла бұлан жайлап қана жан тапсырды… А.Алт.
