Бір нәрсеге не әлдебір атақ-лауазымға ие болды, дегеніне жетті, арманы орындалды. ~ Жеке меншік деген адамның адамгершілігін бұзатын нәрсе. Дүниеге қолы жеткен, малы көбейген адам байыған үстіне байи түссем дейді. Ол үшін өзінен әлсіздерді қанайды, тентіретеді, құл қылады. Б.Тоғ. ~ Әбікен кешікпей омырауына орден таққан. Бірер жылдың бедерінде еңбек сіңірген әртіс атағына да қолы жетті. Ө.Кәр.
