Жолы болып, тасы өрге домалады. ~ Атасы айтса: ол әуелі – опасыз. Кезінде ауданның тұңғыш әкімінің қызын алады ғой. Содан жүріп берген, қолы. Н.Дәу. ~ Құда қаласа, піскен кірпіштен сегіз бөлмелі имарат салдырамын. Леккабай машинасын алып қалуым да ықтимал. Қол жүріп тұрғанда, дүрілдетпеске не?! Т.Бер.
- Карта не басқа ойын барысындағы сәттілік туралы.
~ Шынында да, екінші кезеңде Ырысбектің қолы жүрді. Е.Жең. ~ Бұл жолы Оралдың қолы жүрді. Жұрттың бәрі шетінен жапырлап түсіп жатты. Т.Әл.
