Posted in

ҚОЛЫ ЖҮЙРІК

Қолынан келмейтіні жоқ, тындырымды. ~ … бұл ауылда басқа былай тұрсын, балаларға аспан астының ілім-білімін үйретіп жатқан әлгі өшетілдердің қолынан келмейтін арызға, актіге, малға, жанға куәлік жазарда қолы жүйрік. Ә.Нұрп. ~ Қарағым Оразымбет, маған ергеніңе жыл болып қалды. Құлағың сақ, қолың жүйрік жігітсің. Түбі жақсы күйші сен боларсың. Т.Ахт.

  1. Біреуге қол жұмсауға әуес. ~ Тықыл- тықыл сөйлегенде тілің мірдің оғындай. Тұр бар.. Сөндір! — деп Ертұрлы әлгі келте танаудың желкесінен нұқып жіберді. — Өй, не! Жай айтуға болмай ма? — Тиме, Ертұрлы… Е, өзің ұмытпаушы ма ең? Қолың жүйрік қой жүдә,— деп Базарбек қарт қайырып тастады. — Бермен… Көлеңкеге таман отырыңдар… Е, бәрекелді… М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *