Адам өлтірді. ~ Қолы қанға малынған екеу жасы үштер шамасындағы үлкен ұлдарынан да көз жазып қалған. БАҚ. ~ Малынған қолы қанға қарақшылар, Көрмеген әдетінен бір жаңылып. Жауыздар кеше жолай ел тонаған, Бұл күнде қоржындары орталанған. Н.Айт. ~ Хазірет пе, дін бе қолын қанға малған? Тірідей кеше айрылды бала анадан. Өлді деп, өлмегенді көрге көміп, Мал тапқан қисыны жоқ жаназадан. Ғ.Қай. * Фашистері бар, Отанына опасыздық жасаған сатқындары бар, полицайлары бар – мен өз қолыммен қаншама адам өлтірдім. Бұл – страшный нәрсе. Демек, мен – қолым қанға боялған адаммын. Қ.Қайс.
