Posted in

ҚОЛЫ ҚАТТЫ

Қайратты, мықты, ұстаған жерінен айрылмайтындай қуатты. ~ Аңға шыққанда тақым жазып шаппаған соң, оның несі қызық! Есенейдің үштен біріндей салмағы жоқ осы бір қыздың қор қылғаны-ай! Қолы қатты-ақ өзінің. Темір ауыздық болмаса көрсетер ем қалай шапқанды! Ғ.Мүс. ~ Бұл жылап тұр екен деп ойлап, бұрылып бауырына тартқысы келген, қапсыра құшақтаған Қанат тырп еткізбеді. Қолы қатты екен. Ш.Құм. ~ Күрескенде құрдастарын түгел жығатын, қолы қатты, қайратты. Бірақ бұзақылығы жоқ, қой аузынан шөп алмас момын еді. М.Мағ.

  1. Аса сараң, қатыгез. ~ Сақтаған осы Қаратайдың ұстазы. Қолы қатты ауыл. Ақтың қашатын тұста байып, тiлмашты өлтiретiн де осылар. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *