Дәреже-шені жоғары, пайдасы тиіп қалуы мүмкін, үлкен қызметтегі адам. * Тайдың тәтті етін ойлағанда сілекейі шұбыра бастады. Ол екіұшты етіп:– Қайдан білейін, қолға тимейтін кісілер ғой, – дей салды.Т.Әл. ~ Бір кезде Шара: – Жария, сенің мəселең шешілетін мəселе ғой. Ертең күйеуің шет елден білім алып келеді, содан кейін осындағы қолдан–қолға тимейтін маман болады. С.Досж. ~ Ауыл жігіттері. Мен деген өнерпаздар. … құдалық,жиын, той, құдалық,туған күн сияқты шараларда ең алдымен осы жігіттер жүреді. Қолдан қолға тимейтін жігіттер. БАҚ.
