Қыран құсты қолға үйретті. ~ Құс баулудың қысқаша айтылғанда жөн жоспары мынау: құсты ұстағаннан кейін аяқбаулап, қолға қондырып, үсті-басын сипапсипап қояды. А.Байт. ~ Қыранын мұндай жағдайға жеткізген Жәнібек енді құсын қолға қондырып, атқа мініп, ұшырып байқайтын. І.Ес. ~ Алаң көңіл орнығып еске түсіп мал жаны Құсын қолға қондырып қайтты үйіне олжалы. Ұшқыр ұшақ от арба бесігінде ырғалып, Қыран құсын шаршатпай сан көлікпен жүрді алып. Д.Әбіл.
- Өзіне қаратты, әлдебір айламен қолына түсірд. меншіктеп алды. ~ Ел қамын емес, өз қамын, қара басын күйттеуге бейім тұратын ептеме-септемесі бар, түкпіш пысықайлар жағы ығын тауып, ұлықтардың жүрегін жібітіп, қолға қондыру жолымен баласын, бауырын, жамағайындарын әскери науқаннан амандап қалу үшін … Ғ.Біл. ~ – Мынаның,- мамам көкемді нұсқады,- бір қылжақбас досының үйреткені… Көкең көптен көздеп жүрген көлігін қолға қондырды, Асанжан. М.Қаб.
