Posted in

ҚОЛҚАСЫН СУЫРЫП ӘКЕТКЕНДЕЙ БОЛДЫ

Жанына батты, қатты қиналды, безек қақты. ~ Қазақы қойдың аналық сезімі күшті. Бауырынан баласын алғанда бейне қолқасын суырып әкеткендей соңыңнан безек қағып маңырай жүгіреді. Қоспан ерте туған қозыларды қораға тасиды. Т.Ахт. ~ Сонау Қыземшек төбенің бауырынан дүркіреп бұлар шыға келгенде, жер қолқасын суырып бара жатқандай мынау ересен дүсірге бүкіл аймақ елең-елең қарасты. Ә.Кек. ~ Қақ төбесінен бір ұрып, қолқасын суырып әкеткен жаманаттан есеңгіреген әке: «Қарғашым-ау! Бәріне мен… мен… кінәлімін… Ойнап жүрген жеріңнен нем бар еді сені жолға алып шығып. Ж.Баһ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *