Әлдебір иіс танауын жарды. ~ Бектемірге ентелей төнгені сондай, түкірігі бетке шашырады. Темекінің иісінен де бөлек сасық иіс қолқасын қапты. С.Смат. ~ …әлгідегі кәріс қыз найза балтырын айқастырып, темекісін шаншылтып отыр, көк түтін қолқасын қапты. Д.Дос. ~ Сонда байқамай жалап қойған сілекей-сілекей көк тастың қоңырсық исі қолқасын атып кетпей қойғаны. Ә.Кек. ~ Кенет далада өскен кісі дағдыланбаған бір жаман күлімсі иіс қолқасын атып жіберді. Ә.Нұрп.
