Posted in

ҚОНАҚТАҒАН ТАУЫҚТАЙ ОТЫРДЫ

Қимылсыз, үн-түнсіз отыру. ~ Тамақтанып болып, тысқа шықтым. Көз байланып қалған екен. Маужыраған қоңыр кештің құшағында, қора аузындағы сырғауыл қашаның үстінде, қонақтаған тауықтай шошайып отырмын. Б.Соқ. ~ Трактор тоқтады. Бірақ моторы толассыз соққан жүрек секілді дамыл таппай жұмыс істеп тұр. Қонақтаған тауықтай бүрісіп отырған Бақытжанға да жан біте бастады. О.Бөк. ~ Еңгезердей-еңгезердей иығына пагон iлген үш жiгiт қонақтаған тауықтай тiзiле отыр екен. Ә.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *