Қолы ашық, үйіне келген мейманнан ештеңесін аямайтын жомарт.* Қасаң қонақасыға қандай мырза! … Онша дəулетті де кісі емес. Бірақ Қасымға: дəулет – қолдың кірі. Жумаса – бітеді, жуса – кетеді. Ж.Айм. * Қонақасыға әрқашан аса мырза аталған Сүйіндік үйі бүгін де етті келістіріп асқан екен. М.Әу. * Ұлтымыздың әдеті бойынша бірнеше жас жігіттер соғымы семіз, қонақасыға мырза үйге барып сәлемдеседі. БАҚ. * Кейде Абайдың қонбайық деген аулына: «Қонайық, бұл үйдің сүрі мол» деп, тағы бір кезде: «Түстенбейік, жүріп кетейік» деген жерінде: «Түстенейік, бұл үй қонақасыға мырза» деп, қайдағы Абайдың ішін пыстыратын көңілсіз, сүйкімсіз бір үйлерге еріксіз аялдататыны болушы еді. М.Әу.
