Келген қонағына жайылған дастархан, сый-сияпат. ~ Шүкiман қысылып, қызғылт тартып жымиса да, жауабынан тартынған жоқ. Мөлдiр, нәзiк үнмен ақырын күлдi де: – Ән бiзге ғана ма екен? Көп естiп, көпке қанып жүрсiздер. Өздерiңiзде ғой. Қонақ кәдесi тағы бар ғой! – деп, Абайдың өзiне қарап, тағы күлдi. М.Әу. ~ Кәрім (Жомартты түртіп). Рас, құдағидың көңілі бітсін… Қонақ кәдесін берсейші, ауыл кәдесін құдаша айтар, құдағи айтар, бірдеме қылар. (Жомарт домбыраны алып ән салады): Б.Майл. ~ Ақсақал қонақтарды ас қайырылып, дастарқан жиналған соң босатты. Ұзақ жол жүріп, ат соқты болып жеткен. Бәрі де демалыс тілеп отыр еді. Жігіттер қонақ кәдесін жасап ауыл сыртына шықты. Он төртінде туған ай сүттей жарық, түн маужырап тұр. Үп еткен жел лебі білінбейді. З.Шүк. ~ Жиналған жастар өзді-өзі әзілдесіп, ойнап-күліп біраз дуылдасып, шайға қанып алған соң, әңгіме беті қонақ кәдеге ауды. С.Жүн. * Бірақ қонақ кәдеге дейін ауылдың алты ауызын айтып жоралғы жасаған ешкім жоқ, бірден ел ағасы Ақанға қолқа салынды. С.Жүн.
