Текті, байқуатты орта, ел. ~ Жаңабек сияқты алды-арты тып-типыл, жалғызілікті адамға өсіп-өнген, қорабалы жермен құдандалы болған жақсы еді. Б.Тоғ. ~ … қай шығармасын оқысаң да «ә» дегеннен қайталанбас әйдік әлемге сүңгіп кетесің – кең құлашты, бедерлі, тұңғиық тынысты туындылар, ол әлемдегі қорабалы қауымның көтерген жүгі де қомақты. Ә.Ом. ~ Қорабалы, қоңы қалың жандардың іштен тынып, бір- біріне бұрылмастан – ақ жер танысып қалғандарын ұққан Тәуке хан да сыңай байқатпай, аз- кем үнсіздікке бақты. С.Смат.
