Posted in

ҚОР ТҰТТЫ

Намыс көрді, менсінбеді. * Кешегі тектімін деп жүрген зиялының ақжаулығы қаңғыбасқа қатын боп кеткенін өзіне қор тұтып, отыз жыл бойы бақыр басты біреудің отбасына отырып, жұрт көзіне ен-таңбалы болса да қайтып ел бетіне көрінген емес. Ж.Айм. ~ Менсінбеуші ем наданды, Ақылсыз деп қор тұтып. Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып. Абай. ~ Ол осылай деген, әйткенмен бұл оқиға ойына оралғанда пайда болатын өзін-өзі қор тұту сезімінен құтыла алмай-ақ қойды… Ч.Пав.

  1. Біреуді кем санады. ~ Ақыретқе барғанда, Ақсүйекті қор тұтқан, Қараны одан зор тұтқан, Орыстарды пір тұтқан, Сорлы болған қазағым, Тартарсың солардан жазаңды-ай! Бұхар ж. * Он екі, он үш жасынан-ақ өзінен өзгені қор тұтты, ешқайсысын менсінбеді, маңайындағыны түгел қорқытып ұстауға құмартты. Ж.Нәж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *