Ап-ауыр; зіл тартты, қозғалтпады. ~ Шаршаған жоқ екем деп, көңіліне медеу қып еді, сөйтсе ылдиға қарай жүргеннен жеңілденген екен: тағы бір өрге шыққанда аяғы қорғасын құйғандай ауырлап кеткен тәрізденді; сүйектері сынып бара жатқандай болды. Ж.Айм. ~ Әңгіменің маған ойысқаны жайсыз тиген еді. Кофе ішкен соң ішімнің түйілгені басылған секілденді, басым қорғасын құйғандай зілдей. Дж.Сэл.. ~ Астанаға кеп оқуға түскен күннен бастап өзіне көлденеңнен қатал сақшы қойып, қол-аяғын қорғасын құйғандай ауырлатып алды. Ә.Нұрп. ~ Ызаланып, орынынан тұрып барып, отқа бір–ақ зыттырғысы келді. Бірақ, ондай қайран қайда? Оң жақ көкірегі қорғасын құйып қойғандай зіл тартып ұйып барады. Ә.Кек. ~ Үн – түнсіз ұзақ отырды. Орнынан түрегелмекші болып еді, екі аяғына қорғасын құйып қойғандай қозғала алмады. І.Ес.
