Posted in

ҚОҢ ЕТІН КЕСІП (ОЙЫП) БЕРУГЕ ӘЗІР (БАР, ДАЙЫН)

Біреу үшін жанын аямай, не істеуге де дайын. ~ Полковник Серебряков солдат үшін қоң етін кесіп беруге әрқашанда әзір еді. Ә.Нұрш. ~ Қолынан келгенше оларға жәрдем беруге құлшынып тұратын. Біреудің жанына батқан кеселіне егер жеңіл тиеді десе, қоң етін кесіп беруге бар. І.Ес. ~ Қағазбай нағашым нағыз ғажап адам. Біреуге иненің жасуындай жаманшылық ойлауды білмейді, өзім деген кісіге қоң етін ойып беруге дайын тұрады. Б.Соқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *