Ештеңеге жарамсыз, қолынан іс келмейтін бейшара д.м.
~ Аяғына қазық өкше қара башмақ, бойына тылтиған көк көйлек киіп, жасыл жібек орамалмен желкесінен бір түйгені болмаса, Ұлбосын оқымаған қуыс қурай секілді əйел. Ж.Айм. ~ Әбден қажыдым. Әлде соның құр қампиған қарны болмаса, қолынан түк келмейтін қуыс қурай ма?! С.Жүн. ~ Әй, бірақ осы қуыс қурайды іздеуші, сұраушысы жоқ та шығар-ау» деген оймен ойқастап ары да шапқылады, бері де шапқылады. О.Бөк. ~ Қазақ сол тасқынның астында қалады. Сенің Әбілқайырың да, Болатың да, Барағың да, Сәмекең де қуыс қурай. С.Смат. ~ Иә, Ақан аға, біз әйтеуір соңыңыздан бос салпақтаған қуыс қурай екенбіз. С.Жүн.
