Қазақтың салт-дәстүрі бойынша үйіне бас сұққан адамды құр жіберуге болмайды, міндетті түрде дастарханынан дәм таттыру керек. ~ Әнуар. Саламатсыз ба, дегені ғой. (Арыстанға сыбырлайды да, Бекенге.) Ақсақал, қуыс үйден құр шықпа деген, тым болмаса шай ішіңіз. Қ.Мұх. ~ – Әй, келіншек. «Қуыс үйден құр шықпа» деген. Тіпті ырымға жаман ғой, тым болмаса, бір шыны суың бар ма? Б.Соқ.
