Posted in

ҚУҒЫЛЫҚ КӨРДІ

ҚУҒЫЛЫҚ КӨРДІ Қуғын-сүргін көрді. ~ Топ қатты сиреп, азайып қалған. Ұзын санын санағанда он үш кісі тұтқынға түсіпті. Жиырмадан аса ат қалыпты. Мінгескен-ұштасқандар анық қашқылық-қуғылық көрген, сүргін жеген, есі қашқан күйде екен. Аман қалып, қазір ат үстінде басы қалқиып тұрғандардың өзінің де көресіні көрмегені жоқ. М.Әу. ~ Бұл өңірдің түлкісі әлі қашқылық, қуғылық көрген жоқ. Қорым тасқа түнгі жортуылдан таң ата кеп жатқан түлкі
дәл үстінен түспесе қаша да қоймайды. Сондықтан Жәнібек бұл шатты арылта қарап жүр. М.Әу. ~ Жеткен соң алатын аулын анықтау қиын. Одан соң бала жасынан көп-көп жортуылды, жорықты басынан кешіріп, қысқа түнгі көп қашқылық, қуғылықты талай рет көргендіктен, мынадай жерден мал алып шығу оңайдың оңайы сияқтанушы еді. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *