ҚУҒЫН ЖЕДІ Біреуден теперіш көріп, тепкі жеді. ~ Елеген бар ма? Шымбайына батып, тым құрса “алда байғұс-ай!” — деп есіркеген бақ, дуал, не батпақты көше бар ма! Қуғын жеген бұралқы иттей кеттің де бардың!.. — деп батпағы орқаш-орқаш боп тоңданып жатқан сұр көшеге қарады. М.Әу. ~ Бiрақ, қалаға елден безген, қуғын жеген боп не деп барам? Ондайды iстеген бұл өңiрдiң адамы да жоқ. Оның өзiн де бiр сұмдық деседi ғой артымнан. М.Әу.
