Posted in

ҚУ АУЫЗ

Сөз тасыған өсекші, сумақай. ~ Дәукен қатын-қалаштың арасына кіргенде күндесті күндеске шағыстырып тасқаяқтай қағыстыратын қу ауыз. І.Жан. ~ Міне, отырса – опақ, тұрса – сопақ, ақырын жүрсе – балпаң, қатты жүрсе – шаңды аяқ, сөйлесе – қу ауыз, сөйлемесе дорба ауыз атанған Қажығұмарды елге қайтарудың бір жолын қайтсек те табуымыз керек. Ж.Баб. ~ Ақанның осылай деп ектегенін, «Құламнан озар жылқы жоқ»,- дегенін Жеткізді Батырашқа бір қу ауыз, «Құлаға бөктерілер Көк»,- дегенін. І.Жан.

  1. Аузы асқа жарымаған. ~ Бір бүйірден Аралбай арс ете қалды: ─ Саған не жоқ, әй? Есің дұрыс па өзіңнің? Не оттап тұрсың? Тый тіліңді! . . Әй, Жәуке, сен жеті атаңнан жарымаған, қу ауыз кедей едің, бүгін келіп, аузы– мұрның қисаймай тамам ел атынан билік айтасың. С.Ом.
  2. Қулықшыл, қалжыңқой. ~ Оның бұл қалжыңына қу ауыз бақыршының да тілі қышып кетті. — Ареке, шай қайнатып, қазан көтеретін бір бәйбіше керек-ақ болып жүр еді қара қосқа. Мына кісі келіп қолым бір босайды деші енді. М.Алм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *