Желісті, жүрдек жылқы. ~ Үш салт атты қатты жүгіртіп келеді. Біреуі алдарақ, екеуі кейінірек. Алдыңғының аты не жорға, не қу аяқ желісті болу керек. Кейінгі екеуі ара-тұра шауып алып ілесіп келеді. Ғ.Мүс. ~ Кешеден бері жердің түбіне түсіп кетердей қашқан қу аяқтың мынадай жуас түріне Тоғызақтар таңдайлары шықылықтай таңданысты. М.Алм.
- Айлалы, сөйлемпаз, әккі қу. ~ – Сенің көңілің шын таза болса, К.- мен неге сырласасың? К. нағыз шенқұмар қу аяқ емес пе? Онда түк бедел жоқ, орысқа да, қазаққа да сыйымсыз… Ж.Айм. ~ Аруақты айтып: «Елге ие болған Есімжан баласы сенен енші етіп бір ат мінбеймін бе» деп хат жазып, бір сөз білер қу аяқты жіберген екен. Ол құрдым қазір осында, ішімізде отыр. Ж.Ахм. ~ «Қаланың қу аяғын қайтесің, өзім осы төңіректен уылжып тұрған бір қызды шекеден шертіп жүріп, таңдап беремін». М.Қаб.
