Терісі сүйегіне ілінген, тыриған арық. ~ Әлгі көрінен тұрып кеткен аруақ секілді – қу сүйек кісі сөзін үзіп, маңдайына түскен шашын салалы саусағымен кері тарады, қылғына жұтынды. Д.Дос. ~ Буындары сырт-сырт сатырлап, үзіліп кететін сияқты. Бірақ ол тырысып көнбеді. Далаға шыққан соң, қыдырт деді. Қиналғанына қарамастан, өзін-өзі зорлады. Ақыры қатып, қаңсып қалған қу сүйекке қайта шыр бітіп, ол жіпсігендей болды. М.Әбд.
