Абыройсыз, сыйсыз, жолы ауыр, қырсық шалған адам. ~ Өмір бойы кемдік, тарлық көрген қу қанжыға адам жадырауды білмейтін болады. М.Жұм. ~ Өй, шапаны бар болсын. Мен мас боп тыриып жатқанда, оны ана Елмырза түлкi алып қойыпты. Сүйтiп мен арақ iшем деп абырайдан — бiр, шапаннан — екi айрылып, елге қу қанжыға боп қайттым қой! Жiгiттер ду күлiстi. Б.Алд.
- Жарыста жүлде алып көрмеген д.м. ~ Тар жерде тартқан кешуден, Ерлердің қылған күші артық. Қу қанжыға жүйріктің, Тобыршақтан несі артық, Көктемесе жаңбыр боп, Қайырсыз жаздан қыс артық. Н.Науш. ~ Адамның бағзылары билікте жүр, Қасиет бұл күндегі бірлікте жүр. Жемін жеп, иесіне бәйгі әпермей, Шарасыз қу қанжыға жүйрік те жүр. Н.Науш.
