Ыңғайына көшті; көңілінен шыға білді. * Бұ бір ысылған саятшы жігіт ұстараның жүзіндей, кісінің əуменіне төңкеріледі, қыяп еткізбейді, қыбыңды табады, сондай епті, ақылды, сезімді. Ж.Айм. ~ Бәйбіше қымызды сапырып отырып, Нұрбикенің қыбын таба сөйлейді: жылатып та алды, күлдіріп те алды… Нұрбикенің қызының Асамбайға берілу айыбын Боқбасардың үйіне төндірді… Б.Майл. * … құр көзіңе жылтырағанымен шар саларға келгенде айнып жүре береді екен. Сол себепті, ғылыми кеңес мүшелерінің қыбын табу керек. С.Шай. ~ Еркіндік алып, нарыққа бейімделгелі кітап атаулыдан жеріп шыққан халық, хақ патшаға жағынудан, айбарлы әкімдердің қыбын табу, сасыған байлардың көңілін аулаудан басқа тіршілік қамы жоқ әдеби қауым, надандық пен парықсыздық жайлаған ағымдағы баспасөз қалай бағаламақ? М.Мағ.
- Амалын, жолын тапты, әлдебірдеңенін ретін келтірді. ~ Қызыммен ренжісіп қалдым. Кәдімгі жүріп жүрген қызым. Бұл – бүгінгі сөз. Әдеби тілге, қазақы түсінікке салсақ – қалыңдық. Иә, болашақ жар. Қыбын тауып, қағып түсер, оңай жолығысып, қиналмай айырылысар жолбикелерден жөні бөлек, жолы үлкен. А.Нүс. * Қыбын тауып тілдесіп, Қайыптың хабарын беруге бірден келісті. Ү.Жәл. ~ Жарау төре, сонсоң, сүйем жарым өңеші бар дүрбінің шынысын айналдырып отырып қыбын тапты. А.Сүл. ~ Бәйбіше қымызды сапырып отырып, Нұрбикенің қыбын таба сөйлейді: жылатып та алды, күлдіріп те алды… Нұрбикенің қызының Асамбайға берілу айыбын Боқбасардың үйіне төндірді… Б.Майл.
