Көңілінен шықты. ~ Кейде жазушыны Балуан Шолақ өлеңдерінің жетелеп кетуі, кейде жазушының сазгер өлеңінің шеберханасында шым батып бойлап, өзі сезген сырды суреттей желіп, таратып баяндап, оқушысының қыбын қандыратын сәттер романда алма-кезек. Қ.Ергөб. ~ Іледгі іргелі ел Қызай руы іштей іріп, елбасыларының өзі бірінің үстінен бірі шағым айтып, арыз кіргізгені Құлжадағы қытай ұлығының қыбын қандырған. Сонан хабар тапқан Таңжарық та қарап жатпады. Т.Рыс. ~ Сөйте тұра жеңіл етек, шөп желкелер мен қылықты қатын-қалаштардың оңаты келсе қыбын қандырып кететін сойқан да осы деген сыбыс та желдей есіп жүреді. Б.Бәм. ~ Қылаңның басын алдымен Қиюбай ауылына жеткізіп, солардың қыбын қандыру бірден бір дұрыс деген байламға келді. Жоғары жақ та осылай жөн сілтеген. Ш.Рвхм.
