Иба танытты, әдеп сақтады, өнегелі мінезбен тәнті қылды. ~ Еңсегейдің көз алдына ендігі сәтте «Ауылдық клубтың ғимараты» деген жазудың бірі емес, жиырма шақтысы бірден қыздай сызылып, қаздай тізіліп тұра қалғаны. М.Байғ. * Қыздай сызылып отырып баянды лыпылдатып тартқанда тілім байланып, үнім шықпай қалады. И.Жақ. ~ Жақсы жүрдім, жаман атым шыққан жоқ. Бірден аспирантураға қалдым. Бес жыл студент, үш жыл аспирант сегіз жыл бойы қыздай сызылдым. Көлгірсу емес, жасы үлкен алдындағы әдеп. М.Мағ.
ҚЫЗДАЙ СЫЗЫЛҒАН Ізетті, биязы, ұялшақ; нәзік. ~ Замдеканымыз қабағын керген, ерні қаймыжықтай, өңі жуған шүберектей бозаң тартқан, қыздай сызылған сырбаз жігіт екен. О.Сәрс. * Келіннің хатты мүдіріссіз оқитын қабілетіне де, қыздай сызылған әдемі даусына да қызығып, құныға тыңдап отырған Боранқұл тағы да сұқ саусағын шошайтты. Ғ.Біл.
