Әр нәрсеге қызыққыш, көрсеқызар, құмаршыл адам туралы. * Еркек сорлыда пәтуа бар ма. Сонда да сол қыз көрсе, қызыл көрген қарғадай жұтынып болады-ау. М.Сүн. * Сөйтсем оқыған жігіттердің өздері-ақ студент күндерінде көрікті қыз кездессе, қызыл көрген қарғадай шуласып, таласып, төбелесіп жүргендерімен, кейін үйленген кездерінде алған қыздарының сызаты жоқ, шыныдай мөлдірлігін талап етеді екен. Ә.Нұрш. ~ Арпаны кезіп жүріп тары алушы ең; Тұзыңды екі беріп жары алушы ең; Қайнатқан қонақ кезе бір үй көрсең, Қарғадай қызыл көрген уәде алушы ең. С.Сей.
