Posted in

ҚЫЗЫЛ СУ

Көктемгі мұздың, қардың үстіне жайылған су. ~ Ақкөбіршектеніп, табаны астынан жүйткіп ағып жатқан қызыл судың үстімен бейне жер басып келе жатқан кісіше асықпай адымдап келеді. С.Ел. ~ Дария ағысымен жоғарыдан жөңкіле ағып жеткен сең осы тұсқа келгенде кимелеп, бірінің үстіне бірі мініп, соның әсерінен қызыл су далаға жайылып, ауыл- аймақтың зәре- құтын алатын. Қ.Жиен. ~ Бұрын ғибадатқа келген жұрт көктемгі қызыл суға ұқсаушы еді, бірде толып, бірде қайтып ағатын, бұл күнде ғой халық, бейне, телегей теңіз. Д.Дос. ~ Бірақ көктем кезінде қызыл су кернеп, мұз жарылып, жардай сеңдерді арнамен жөңкілткен Жайықтың дүлей тасқынындай, ауылдың асты-үстіне шыға бастаған дүрілді күресі оны тағы да жел аударған қаңбақтай ырықсыз дөңгелетіп әкетті… Х.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *