Лепірме бос сөз. ~ «Сүгір күйінің әсерінен» туды делінген осы шумақтарда не бар? Әсем сөздердің жақсы ақынның қолымен қаланған қаңқасы ғана. Иә, қып- қызыл қызыл сөз. Ж.Нәж. ~ – Қызыл сөздің керегі не? Аспандай бермей жерге сәл жақындашы. С.Дос.
ҚЫЗЫЛ СӨЗДІ ЖЕЛГЕ ШАШТЫ Көп сөйлеп, мылжыңдай берді. * Жайылымға кеміс еді ғой. Түйенің бабын таптың деп жеңістік бермейсің. Өз басыңды білмеймін, ал әкеңді көріп едім… Пақыр қызыл сөзді желге шашқан, дуасыз ауыз еді, — деп қарт софы кеудесін көтеріп, кеңк-кеңк күлді. Ә.Нұрп.
