ҚЫЗЫЛ ШЕКЕ ТӨБЕЛЕС (БОЛДЫ, ҚЫЛДЫ) Жанын салып төбелесті. ~ Соны айтысып тұрғанда, мына жақта жаңылдасқан, керіскен айғай шықты. Жалт қараса, шапыр-шұпыр төбелес болып жатыр. Сөйлесіп тұрған үш жігіт тұра жүгірді. Қартқожа да ұмтылды. Қызыл шеке төбелес. Ж.Айм. ~ Олар үнсіз келеді. Үндесе қызыл шеке болып төбелесетіндей. О.Бөк. ~ Ендеше, ол екеуі өзара қызыл шеке боп
жатқанда, алдарын орап, әлгі хандықтарға Россияның бұрын жетіп алғаны дұрыс. Ә.Кек. ~ Аш қарынға арақ iштi. Тiптi, көп iштi. Басы айналды, көзi тынды… Бәрiбiр iше бердi. Не болғанын бiлмедi. Бiреулермен керiлдес?!. Екiншiсiмен жағаласып қызыл шеке болды… Р.Рай. ~ Ар жағында кекесінді залалы жоқ, табиғи әжуаға шебер. Біреуді біреуге шағыстырып, екі аңқауды қызыл шеке қылып қою ол үшін шырт түкіргенмен бірдей. З.Төл.
