Posted in

ҚЫЗЫЛ ӨҢЕШ БОЛДЫ (ӨҢЕШТЕНДІ)

Даурықты, ұзақ дауласты. ~ … өздеріне жанаспайтын, бұлардың пікірін керек қылмайтын бірер қысыр кеңес үшін-ақ қызыл өңеш боп керісіп отырар еді… Б.Май. ~ Екеуіміз келісімге келе алмадық, қызыл өңеш болдық, қайтадан кетісіп қала жаздадық. Ә.Тар. ~ Егер осындайда шипасы тимейтін болса бұл темірдің, несіне осыны береміз деп местком төрт күн қызыл өңеш боп мәжіліс өткізді». І.Ес. ~ Мына сөзді естіп, Жақыбаев санына шок түскендей болды. Кәдімгі қызыл өңеш керісу басталды. Б.Соқп. ~ Кейде, ойланып-толғанып бәрін сабырға жеңдіріп отырамыз дейтін қарттардың өзі де өзара қызыл өңеш боп қалады. С.Мұр. ~ – Құрыққа сырық жалғап, түймедейді түйедей етіп, несіне қызыл өңештенесіңдер?! Бұл тақуа комиссар сонау күншығыстағы Аралтөбеге көз алартуда деп естімедік пе? Ұ.Досп.

  1. Айта-айта шаршады. ~ Қызылбике түсіндірем деп осынша қызыл өңеш болса да, қыз түсінбеді: – Құдайдан бір жазғаны бар шығар, – деп жауапты қысқартып, қасарып тұрып алды. Ж.Айм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *