Posted in

ҚЫЗЫЛ ӨҢЕШ

Ашылған аран. ~ Кәзір көбіне жал-жал, оқта-текте далиып жазылып алатын шөлдің қызыл өңеш аждаһа секілді аранынан көрінбейтін жалын іспеттес аңызақ үсті-үстіне тарай беретінін, демі ыстық отты лепке айналатынын, көк пен жердің арасындағы байтақ кеңістікті іркілмей басынып, тап бүгін дәл осылай аптапқа қақтайтынын кім білген?! Б.Ыб. ~ Ақшаны жинауын жинады, ойы — осы қаржыға өз алдына кәсіп құрып, дербес тiрлiк кешу-тiн. Сығыр құдай ол мақсатына жеткiзбедi. Ендi тек аранын ашып, аждаһалар қылғыта салуға дайын тұр. Тез құтылудың жолын таппаса, қызыл өңештiң құрбаны. Ә.Ыб.

  1. Аш құлқын. ~ Аң да, құс та, мал да қоныстан ауады. Адам баласын да еркіне қоймай көшіретін, аудыратын – ашаршылық, тамақ, қызыл өңеш. Аңды да, құсты да аудыратын – сол жаулар. А.Байт. ~ Құрсағыңды ойлай отыр кірсең қысыр кеңеске, Бір түйір дән үлкен олжа түскен қызыл өңешке. Н.Айт. ~ Бiрер жүз грамм қызыл өңештен өткен соң, әңгiменiң лебi әдемiрек есiлдi. Ә.Ыб.
  2. Сөзуар, көп сөзді, ділмар. ~ Жау шабуылы алыстаса-ақ болғаны, саясатшыл, қызыл өңеш ділмәрлар әрқайсысы өз ұлысын бөліп алмақ боп, шарт жүгініп сөзге кіріседі… І.Ес. ~ Ұзын өңеш, қызыл өңеш қырт қой деп Бетін басып безіп кетті Күн түнге. Екі көзді құмырсқа мен құрт кеулеп, Езуімнен қашып кетті күлкім де. С.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *