Posted in

ҚЫЗ АЙТТЫРДЫ

Құда түспек ниеттерін білдіріп, қыздың ата-анасына, туған-туысына сөз салды. ~ Менің мыңдаған қой, жүздеген жылқым жоқ. Қыз айттырып, қалың мал беру түгілі, ішкен асқа да, киген киімге де әрең жарып отырған адамбыз. М.Дәу. ~  Әне бір тыпыршып тұрған ақ боз арғымақтың қасындағы ашаң сары Байсалдың анада қыз айттыра келген баласы болды. Ә.Кек. ~ Дәнеңе жоқ шошитындай, Тәубе деңдер енді бұған! Қыз айттырған Жиенқұлға Қажекемнің өзі — кұдаң. Б.Тоғ. ~ − Е, қаладан қыз айттыруға бара жатыр десеңші, – деп Шолпан апам да күлді. Ш.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *