Posted in

ҚЫЗ АЛАР

Бойдақ жігітке тартар сый-аяқ, сыбаға. ~ Ойын-тойда, мерекеде енді үйленетін жігітке әдейі тартылатын сыбағалы табақты “қыз алар” деп ырым етіп тартады. Сыбаға тартқан әйелге кәде беріледі. БАҚ. ~ Міне, мұның ішінде у жоқ дегенді аңлатқалы маған тамақ құйған табақтан қасықпен бір ұрттады да, қазаннан ожаумен «қыз аларымды» құйып маған ұсынды. Б.Қыд. ~ “Мырза ағаның қыз аларын беріңдер!” – деп бір жеңгесі күле қарады. А.Тоқм. ~ “Қыз алар” – қалыңдықты алып кетуге келген жігітке қыздың тойында бір табақ етті алдына қойған. Ал су жаңа күйеу бала табақ әкелген жеңгеге ақы беру керек. Осы табақ ет “қыз алар” деп аталады. Бұл қазіргі күнде ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлердің бірі. Ж.Олж. (“Бүгін”) ~ Жалғыз- ақ, кəмелеттен əлдеқашан асса да, ұзағырақ үйленбей жүрді. «Сенікі не жүріс осы, қыз аларың қайда?» дейтін құрбы- құрдастарына берер жауабы да жаңағы… З.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *