Шоқиып, көзге түсіп тұрған жота, тау, төбе, дөң т.с.с. ~ Сеңгір-сеңгір таулардан, үңгір-үңгір құздардан, түйе өркешті шыңдардан, қыз емшекті тастардан өтіп, бұраң-бұраң сүрлеумен бес атты кісі бес құмырсқа боп өрмелеп, Алтайдың басына шықты. Ж.Айм. ~ Жасыл жонның төрінде екі қыз емшек төбе тұр. Сол төбелердің басында ұзын сырыққа байлаған қызыл шүберектер желмен толқып желп-желп етеді. Б.Тоғ. ~ Бір мезгілде қарсы алдынан жалғыз ғана қыз емшек шоқы көрінді. А.Сей.
