Биязы, сыпайы жігіт. ~ Г.Н.-тың қысқаша адамшылық мінезін жазайын. Өзінің көп өмірінде (Г.Н. 1920-ншы жылы жазды күні Томда дүниеден қайтты) бір адамның көңілін ауыртып бір ауыр сөз айтпаған, өскен қыз мінезді десек мақтаған болмайды. А.Байт. ~ Қайырбек – сөзі аз, жұмысқа құнтақты, табанды, өзіне берік, біртоға сыпайы, қыз мінезді жігіт. Ж.Айм. ~ Кей қала қыз мінезді ойнақы болса, кей қала кепті көрген қарт тәрізді дана боп келеді. Ә.Әл. ~ Ол кетісімен ауыл адамдарының әңгімесі – Нұрбек болды. — Апыр–ай, қандай әдемі болып өскен… — Қандай сабырлы… — Мінезін айтсайшы, қыз мінезді… Т.Әбд.
