Posted in

ҚЫЗ МҮСІН

Талдырмаш келген әдемі сымбат. ~ Жирен шашы тобығына түседі, жұп-жұмыр. Кеудесі сондай шалқақ, шығыңқы, қап-қатты. Ал белі болса, қылдырықтай-ақ. Нағыз құлын мүсін, қыз мүсін. С.Шай. ~ Бәкен отау тігіп, әке-шешесінің қасында тұрады екен. Мұрт қойған, қызыл шырайлы, қырма сақал жігіт. Әйелі әлі бала көтермеген, қыз мүсінді қыпша бел келіншек. Келген қонақтарға бәрі жікжапар болып жатты. Б.Нұрж. ~ «Ағалап» та көрді, жалынып та көрді, бұрмалап та көрді, бұртиып та көрді. Түлкінің күшігіндей қыз мүсіні қызықтыруын қоймады. Ж.Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *