Posted in

ҚЫЛЖАҚТЫ ҚОЙ

Сөзімді тыңда, ойынды қайтесің д.м. ~ ~ Айман. Қойшы, қылжақты, тіпті ойының қанбайды екен. М.Әу. * – Әй, кім?! Менен бәрібір құтыла алмайсың. Одан да, қылжақты қойып, адал ақымды төле, білдің бе? О.Сәрс. * Қалам қаңтарылып қалды: – Қылжақты қой, жөн сөздi айт. Т.Сәук. * — Пішенді қайдан алдыңдар? — Әрине, даладан… — Қылжақты қой, мұртты мырза, мен сенің көкең емеспін! М.Сүнд. ~ — Осының бәрін мойындасам, тап осы жерде атасыз ба?
— Қылжақты қойыңыз да, қол қойыңыз. Атылып үлгересіз. Тергеуші қолындағы қаламды ұсынды. К.Қаз. * – Кенжегүл. Қылжақты қойып, менің де бір ақылымды алатын кезің болған шығар. Қ.Мұх.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *