Қыршын жас. ~ Қартқожа ойлады: өңкей қылқан кескендей қыршын жасты әкеткенде, бала-шаға, шал-кемпір неге тұлға болады? Ж.Айм. ~ Әңгіменің көбі жалақы, пәтер, отын, темекі, — қысқасы күн көріс жайынан болды. Сөйтіп отырғанда, жуан партпелдерін қолтықтаған өңшең қылқан кескендей жас кемесерлер де келіп қалды. Бұ келген төрт жігіттің бірі: қошқар туған қозыдай келбетті, бітімді Ақбала еді… Ж.Айм.~ Кадет корпусын бітіргендер парадқа жаңа формада шыққан. Қылқан-кескендей жас өспірімдерге жараса кеткен бұл форма Шоқанды да сұлуландырып жіберген. Оның бала шағындағы шарғалау бойы кейінгі жылдарда сұңғақтанып, қушықтау иықтары кеңейіп сымбаттанған. С.Мұқ.
- Кішкене бойлы. ~ Бардық. Көрдік. Үріп ауызға салғандай екі қыз екен. Бойымыз қылқан кескендей мына екі пәле қайдан келді дегендей үдірейе қарасты. Қ.Ысқ.
