Posted in

ҚЫЛҒА ТІЗДІ (ТІЗІЛДІ)

Есепке алды; санап шықты. * Ақсақалдың өшті-қасты кісілерін қылға тізіп, он-он беске апарып, біреуі үй – деп, біреуі бүй – деп жорығанмен, байлаулы түйін шықпады. Ж.Айм. * Қартқожа арғыдан қозғап сөйледі. Спесік тапсырғаннан, жасақ құрғаннан, отряд шығарып, жігіттерді атқызғаннан, малын алғаннан құлатып, болыстардың, ел адамдарының зорлығын, қиянатын қылға тізді. Ж.Айм. ~ Нәзипаның еркін, ашық жүрісінен қалай да қылға талай қылық тізіп әр жақтан қақпан салады. Қалай да қажыға жек көріндіру үшін ертеңді-кеш Нәзипаны жамандап қажының құлағына сіңіреді. І.Жанс. * – Зұлымдық, азғындық, жәбір-жапа… сияқты ылғи бір жан ауыртатын жамандықты, еңсе басқан мұң-зарды қылға тізесіз. Т.Сәу. * Бұрынғыдай емес, малшы-құлшы да шөміштен қысым көрді. Есепке кірмей, емін-еркін тиетін ішек-қарын, өкпе, көтен, мойындар да қылға тізілді. Ж.Айм. * – Зұлымдық, азғындық, жәбір-жапа… сияқты ылғи бір жан ауыртатын жамандықты, еңсе басқан мұң-зарды қылға тізесіз. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *