Posted in

ҚЫРАН ЖАПҚАНДАЙ ҚЫЛДЫ

Жау тигендей астан-кестенін шығарды; жамыратты, у-шу қылды. * Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы, қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Ж.Айм. * Бір жұмаға шейін теріс қарап жатып, қыран жапқандай қылып балаларын жылатып, отты өртеп жағып, сүтті суалтып, қыр көрсетіп жүрді. Ж.Айм. * Біреудің аяғын басып, біреудің бөркін ұшырып, отырғандарды қыран жапқандай шулатып барады. С.Елу. ~ Көк күмбезді көп шаһарды шаңын қағып, шағып бітірген соң, қыран жапқандай той қылды. Ә.Кек. * От басындағыларды ерке қыз тосын қылығымен қыран жапқандай қылды. Ү.Жәл. * – Немене тағы? Бармайсың оқуға!- деді бас терісі аузына түсіп. Бір жұмаға шейін теріс қарап жатып, қыран жапқандай қылып балаларын жылатып, отты өртеп жағып, сүтті суалтып, қыр көрсетіп жүрді. Ж.Айм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *