Көзі өткір, қырағы. ~ «Қазағым, ханың да мен, қараң да мен, Сен үшін жаным құрбан», – деп ойлайды. Кенекем құлаштаған ой теңізін, Бұлдыртқан бұлдыр заман қыран көзін. М.Жұм. ~ Бүгін көкірегі ашылып, баяғы тас түлек шағындағы қуаты бойына қайта оралғандай. Қыран көзіне де баяғы қырағылық біткендей. С.Жүн. ~ Қыран көзді, қаһарлы қара мұртты атақты қолбасшыны бірден таныдым. Ғ.Мүс. ~ Бұрын шырқау биікте – көк зеңгерде қалықтап жүріп жер бетіндегі түймедейді жазбай танитын қыран көзді Қараторғай енді тап алдындағыны шырамыта алмайтын айран көз қариядай жерге қайта-қайта үңіліп, мойнын созады. С.Жүн.
