Қарсы шықты, жонын көрсетті. ~ Мұнда не сыр бар десеңіз, қайыспайтын қажырлы бұтаққа жуантық сабағымен жабысады екен, бұлар желге қырын келмей, жонын беріп, біріне-бірі иін тіресіп, селбесіп берік қабысады екен. Ж.Айм. ~ Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей. Шу дегенде құлағың тосаңсиды, Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей. Абай. ~ Сол Барлы Балға өлген соң ұрын келген, Қыз оның сырттан байқап, түрін көрген. Қасына күйеуінің бір күн жатпай, Менсінбей тіпті қисық, қырын келген. Шәк. ~ Әбен болыс қайта тағына мінеді. Аз уақытқа орнынан тайған азулы болыс, қаһарына мініп өзіне қырын келген комитет адамдарына қуғын салады. С.Бег.
