Жақтырмау; теріс көзқарас, дүрдараздық. ~ Ел арасында емес, кейбір адамдар арасында салқындық бар. Содан бері Жабықбай ақалақшы Мешпет бимен қырын қабақ. Со- ларды табыстыруға өзің дәнекер бол, Әсетжан!.. Қ.Тол. ~ Банкетке екеуі бірін-бірі аңдысар, қырын қабақ адамдар боп жетті. Д.Ис. ~ Мұндайларды ел жауыз дейді. Сондайдан сақтана жүріп, әлгі ортақ қызықты қырын қабақпен суытпайық, ағайындар! Шөкеңнің тілегі осы… – деді де, Ғапари бөгеліп барып, жан-жағына көз салды. Қ.Тол. ~ Жасы жиырмадан асқанша ата-анадан қырын қабақ көрмей өз бетінше сауық құрып, Ақан сияқты атақты серіге еріп, ел аралап, жұрт танып жүрген әнші еді, бір-ақ жылдың ішінде ол заман келмеске кеткендей болды. С.Жүн. ~ Ит мәселесімен біраз айтысқан екеуі бірін бірі жеңе алмады. Ақыры ұрсысып қала жаздап, қырын қабақ боп ажырасты. С.Дос.
