Posted in

ҚЫРЫН ҚАБАҚ ТАНЫТТЫ (КӨРСЕТТІ)

Жақтырмай қарады, жат сыңай байқатты, ұнатпаған кейіп танытты. ~ Борандыға келгенінен кеткені жылдам талайлар болған. Едіге мен Қазанғап та солай пайымдаған. Әйткенмен Әбутәліптің үй ішіне бұлар қырын қабақ танытпай, сыйласып кетіп еді. Ш.Айт. ~ Көксеген, Ысқақ, Тыныбайлар Байсеркені абақтыға айдатам дегенін ұнатпай, қырын қабақ танытты. Қ.Жұм. * Жігіт дел-сал: ауыл дастарқаны қанша кең болса, жас-кәрісі де көңілге, жылы сөзге соншама жомарт деп естіп еді. Ал Керегетасың алдымен құдайы қонақ қалды алғаш көріскен күйеу балаға қырыс қабақ танытқан тәрізді. М.Қаб. ~ Кеңес өкіметі орнағаннан-ақ қырын қабақ көрсеткен Толысбай бай мал-мүлкі кәмпескеленген бойда ашық айқасқа шыққан. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *