Posted in

ҚЫРЫҚ (САН) ҚЫРЛЫ

Жан-жақты, сан түрлі; әмбебап. * Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жігіттік сипатына жеті өнерді де аз санап, «қырық қырлы» болғанын дәлелдейтін деректер де жетерлік. БАҚ. ~ Дориан адам атты тіршілік иесінің бойынан өмірдің бүлкілдеген соғысын, сезімдер талпынысы мен соқтығыстарын көретін, әрі осының бәрінің өлшемі болып табылатын күрделі құрылған сан қырлы тіршілік иесі ретінде қабылдайтын. О.Уай. ~ . Мүмкін бұл өткен күндердің сан қырлы қиыншылықтары мен романтикасын еске алудан туған өнеге, өсиет болар. Ә.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *