Мән-мағынасы, болмыс-бітімі, әдіс-айласы. * Осында келгелі Үния оқиғасының мән-жайына, қыры мен сырына әбден қанық болған Сергей:– Ренжімеңіздер, қайғырмаңыздар. Біз Ұлтарақ екеуіміз қолымыздан келген көмегімізді береміз сіздерге, – деді. Ә.Шәр. ~ Ұзақ-ұзақ және үзік-үзік ойланып толғанғаннан кейін, тірліктің алуан түрлі қыры мен сырын ақылға салып, салмақтай келіп, Иван Петрович мынадай бір түйінге тоқтады: Бұл дүниеде кісі өзін кісімін деп сезінуі үшін ұдайы өз үйінде болуға тиіс. В.Расп. ~ Асау үйрету қимылы қыры мен сыры, қауіп-қатері, күдір-күдігі көп әрі қызыққа толы тамашалы өнер түріне жатады. С. Ерәд.
